Жаңақала аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК БҚО әкімдігі ДСБ
0
Аурухана туралы

Біздің  аурухананың  тарихы  Орал  обылысының  денсаулық сақтау жүйесімен тығыз байланысты. 1972 жылы  Облыстық депутаттар кеңесінің  №294 шешімі бойынша 120 орындық  Жаңақала аудандық орталық ауруханасы ашылды.  Алғашқы басшысы  Каз ССР денсаулық сақтау жүйесінің үздігі,  дәрігер акушер- гинеколог Губашева Лиза Губашевна болды.

 

 

Кейінгі жылдары  ШЖҚ МКК «Жаңақала аудундық орталық ауруханасын» С.С.Сатканов, А.Нурышев, А.У.Уразгалиев, С.Х. Сулейменов, К.И. Ахметкалиев, М.Б. Дуйсеев, К.Р.Бекенов , А.В.Габбас , Б.К.Елеуов, А.Ж. Хабулов, Ж.Н. Абуев, А.Н.Досалиев секілді дәрігерлер басқарды.

 

2010 жылдан  2018  жылға  дейін  ШЖҚ МКК «Жаңақала аудандық орталық ауруханасының» директоры денсаулық  сақтау ісінің үздігі,  хирург       Уразгалиев Султанбек Саинұлы болды. Уразгалиев Султанбек Саинұлы басшылық еткен уақытта 2013 жылы 250 келімге арналған жаңа типтік емхана салынып, қолданысқа берілді.

 

Қазіргі уақытта ШЖҚ МКК «Жаңақала аудандық орталық ауруханасының» директоры  дәрігер хирург Сарсенгалиев Шынгыс Салихович. 

 

ШЖҚ МКК «Жаңақала аудандық орталық ауруханасында» Л.Г.Губашева ,А.Т.Башенов, С.Х.Сулейменов, К.К.Каресов, С.С.Сатканов,Б.А.Ажгалиева, М.Г.Искакова, В.Н. Коломиец, Ергалиева С.М., Гумарова З.Г,  Маделина К.Е, Рахимова С.Р,  Мукашева Р.Т, Кужагалиева С.К, ЖанаисоваД.К, Тапишева Г.А., Бекенов К.Р, Хамзина К.Б.,Султангалиев,  Галиаскаров Н.Н, Уразгалиев С.С,  Сарсенгалиева С.Т, Алиев Б.С секілді білікті мамандар жұмыс жасаса қазіргі уақытта  бірнеше жылдық еңбек тәжірибесі бар  Тлешов Ж.С, Алмаганбетова Д.Ж, Кубесова О.У, Ишанова А.И., Курманалиева А.О, Досалиев А.Н,Халиуллина Г.Г  сияқты мамандар қызмет етеді.

 

Аудандық емхананың даму мен өркендеуіне, және жас мамандарды тәрбиелеп оқытуда  АйткалиеваУ, КаюповаШ, Абжалелова Н, Укеева К, Нургалиева Х, Сейткалиева М.М, Даулетова М, Абугалиева Р, Хусайнова Г, Халиуллина М, Мергалиева Б,  Рахматуллина С, Сейткалиева Г, Рамазанова Р, Утегенова Б, Белялова А, Калиева К,  Таликешова С. Лукпанова Ж, Камиляшева Ж,  Молдашева К, Кулумжанова Г, Биляшева Ж.А, Дармешова Г,  Кажкенова А, Мергалиев А,  Мукашева А, Тлешова Г, Калиева Б, Тулебаева А, Дуйсенгалиева Р, Кереева Г, Гумарова Б. сияқты орта буынды медицина қызметкерлерінің еңбегі ерекше.

 

 

 

Жаңақала аудандық денсаулық сақтау желісінде  1- ОАА, 5–дәрігерлік амбулатория,  3-ФАП, 13-МП қызмет атқарады. 2017 жылы төсек орындармен қамтылу 10 мың тұрғынға шаққанда 18,5-ды құрады

 

Стационар алмастырғыш технология қарқынды дамып келеді. Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың Күндізгі стационар, стационар алмастырғыш технология бойынша (10 мың тұрғынға шаққанда) жыл сайын 5 пайызға өсіп келеді

 

Тәуліктік стацинар бойынша 45 орындық (10 мың тұрғынға шаққанда) 5% төмендеген

 

Амбулаторлық-емханалық ұйымдар қуаттылығының жоғарғы көрсеткішінде   (10 мың тұрғынға шаққанда ауысымына келіп-кетулер  орташа көрсеткішпен  жыл сайын 3-5% өскендігі байқалады.

 

Бірыңғай автоматтандырылған денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру және енгізу үшін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде компьютерлік техникамен 100% қамту және денсаулық сақтау нысандарының ақпараттық ілеспесін  қамтамасыз ету қажет.

 

Бүгінгі  күнде ауруханада компьютерлік техникамен жабдықталу 100%-ды құрап отыр.

 

Кадрлық ресурстар жүйесінің дамуы.f

 

2012-2017 жылдары  аурухананың жоғары білімді медициналық кадрлармен қамтылу көрсеткіші өте жоғары деңгейде, 2012-2018жж өсу қарқыны – 80%-ды құрады. 10 мың тұрғынға шаққанда – 60,7 орта медицина қызметкерінен келеді, 2012 жылы бұл көрсеткіш 48,5 болды.

 

Аудандық ауруханада 30 дәрігер жұмыс  жасайды, дәрігерлер  санаттылығы 20%,  (2 дәрігер жоғары санатты, 2 бірінші санатты, 2 дәрігер екінші санатты) және  150 орта медицина қызметкері жұмыс атқарады санаттылығы 35,3%, (30-жоғары санатты, 13- бірінші санатты, 10- екінші санатты)

 

 Аудан бойынша дәрігерлер саны – 30, 10 мың тұрғынға шаққанда қамтылу көрсеткіші 12,6%  құрайды

 

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу

 

2015 жылы электрондық денсаулық сақтау жүйесіне көшуге байланысты 3567200 теңге АДИС МИС программалық қондырғы,7041000теңге МИС және қосымша жабдықтар алынды.

 

2016 жылы 9749400 теңгеге екі санитарлық автокөлік,2799955 теңгеге физиотерапиялық а аппарат алынды

 

Қазіргі уақытта аурухана толықтай Материалдық-техникалық қажеттілікпен қамтамасыз етілген.

 

Миссия

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы және  аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру арқылы тұрғындар денсаулығы деңгейін арттыру.

 

Пайымдау

 

Тұрғындар қажеттілігіне жауап бере алатын облыстың денсаулық сақтау саласын басқару мен жоспарлаудың тиімді жүйесі құрылады.