Жаңақала аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК БҚО әкімдігі ДСБ
0
Көпжасар дәрігерлік амбулаториясы

Көпжасар дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеуден кейін тұрғындарға қолданысқа берілді.

Ашылу салтанатына аудан әкімі, аудандық аурухана басшысы және ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Жергілікті халық үшін жаңа емдеу нысанын ұсыну мақсатында облыстық қазынадан 68 млн теңге қаражат бөлініп, мердігер, «Беккалиев» жеке кәсіпкерлігі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Заман талабына сай кабинеттерде дәрігер мамандар  сан түрлі қызметтер ұсынады. Күрделі жөндеуден кейінгі жаңа дәрігерлік амбулаторияда барлық халық емделе алады. Осылайша балтыры сыздап, басы ауырғандарға аудан немесе облыс орталығына сабылудың қажеті жоқ. Мұнда ауылдықтар үшін скринингтік тексерулер мен түрлі  медициналық қызметтер қол жетімді.