Жаңақала аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК БҚО әкімдігі ДСБ
0
"Қадірлейік ардақты қарттарды" атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық ауруханада "Қадірлейік ардақты қарттарды" атты мерекелік концерт өтті. Шараға медицинада ұзақ жылдар еңбек еткен қадірлі зейнеткерлермен ауылдың ардақты қарттары қатысты.

Концерттік шара ашық есік күнімен басталып, соңында қарттарға арналған ақ дастархан жайылды. Үлкен кісілер дәрігерлерге ақ батасын беріп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, невролог дәрігер Г.Абатқызы "Инсульт туралы не білеміз?!" тақырыбында баяндама оқып, инсульттің жиілеу салдары мен себептері жөнінде тоқталып өтті.

.