Жаңақала аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК БҚО әкімдігі ДСБ
0
Пациенттерді қолдау қызметі

«Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес біздің медициналық ұйымда пациенттерге қолдау көрсету қызметі құрылған (Ішкі бақылау/аудит қызметі).

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін айқындау жатады.

Осыған байланысты, егер Сіз:

- медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
- медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
- сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуыңызды өтінеміз.

Cіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп біздің емхананың бірінші этажында орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады. Сондай-ақ Сізге біздің сайтымызға www.zhangala-crb.kz «Бас дәрігердің блогы» айдарына жазуыңызға болады, немесе нөмірі 24-00-06 Сall-центрға хабарласуынызға болады.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің шағымыңызды  қарап, оның  нәтижесі бойынша Сізге ақпаратты ұсынады.

Сіз мына телефон бойынша  8(71141) 21-7-46 ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ хабарласа аласыз.